2015 жылғы 2 наурыз, Астана қаласы
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр
энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларын бекіту туралы
«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі
__________________Е. Досаев
2015 жылғы 6 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы №164 бұйрығымен бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп
айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) коммерциялық есепке алу аспабы – электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
2) жеткізу айы – ЖЭК пайдалану объектілерінен электр энергиясын іс жүзінде жеткізудің тиісті айдың бірінші күнінен басталатын күнтізбелік айы;
3) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, ЖЭК пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) тіркелген тариф – ЖЭК пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
5) жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар):
көмірді, газды, мұнай өнімдері мен ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алатын электр энергиясы нарығының субъектілері;
жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектрстанциялары;
6) газ – шикі, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
7) гидроэлектрстанциясының гидроторабы (бұдан әрі – гидроторап) – гидроэлектрстанциясының гидротехникалық құрылыстарының орналасуына және жұмыс мақсатына қарай біріктірілген, ЖЭК пайдаланудың дербес объектісі ретінде жұмыс істей алатын кешені;
8) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі (бұдан әрі – ЖЭК пайдалану жөніндегі объект) – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
9) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) электр энергиясын тұтыну аймағы – ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын тұтынуға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеулері жоқ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің бір бөлігі;
12) техникалық-экономикалық негіздемедегі тариф (бұдан әрі – ТЭН-дегі тариф) – ЖЭК пайдалануды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын электр энергиясын босату бағасы.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Осы Қағидалардың ережелері мыналарға қолданылмайды:
1) пайдалану мерзімі ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген өзін-өзі ақтау мерзімінен асып кеткен, ЖЭК пайдалану объектілері бар энергия өндіруші ұйымдар;
2) жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және (немесе) реттеудің тәуліктік көлемінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары бар гидроэлектрстанциялары.
Гидроэлектрстанциясының су қоймасының сыйымдылығы су қоймасына құйылатын өзен ағысының есептік қамтамасыз етілуінің тәуліктік көлемінен асып түсетін болса, ол реттеудің тәуліктік көлемінен астам көлемді қамтамасыз етеді деп есептеледі.
5. Электр энергиясының ЖЭК пайдалану объектілерінен теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес ЖЭК қолдауға арналған тариф бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асырады.
6. Электр энергиясын есеп айырысу-қаржы орталығына сату үшін ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым ЖЭК пайдалану объектілерін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерімен қамтамасыз етеді.
7. ЖЭК пайдалану объектілері мынадай түрлерге жіктеледі:
1) жаңадан енгізілетін (жаңа) ЖЭК пайдалану объектілері – 2013 жылғы 21 шілдеге дейін ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекітпеген және онымен келісілмеген, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілетін ЖЭК пайдалану объектілері;
2) қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілері – 2009 жылдың шілдесінен 2013 жылғы 21 шілдеге дейін пайдалануға берілген, өңірлік электр желісі компанияларымен және (немесе) жүйелік оператормен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бар, ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген объектілер;
3) ТЭН бар ЖЭК пайдалану объектілері – 2013 жылғы 21 шілдеден кейін пайдалануға берілген және ЖЭК пайдалану объектісінің құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган 2013 жылғы 21 шілдеге дейін бекіткен және онымен келісілген ЖЭК пайдалану объектілері;
4) қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері – қайта жаңартылатын объектідегі жаңадан енгізілетін жабдық құнының осы объектіні қайта жаңарту жөніндегі жұмыстар басталған кездегі қайта жаңартылатын объектінің аудиторлық ұйым растаған теңгерімдік құнының кемінде елу пайызын құрауы шартымен жұмыс істеп тұрған негізгі өндіруші жабдықты ауыстыра отырып, 2013 жылғы 21 шілдеден кейін қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері.
2. Жаңадан енгізілетін ЖЭК пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын қаржы-есеп
айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу тәртібі
8. Қаржы-есеп айырысу орталығы және тиісті ЖЭК пайдалану объектісі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) қосылған күнтізбелік 60 күн ішінде және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шарт жасасуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.
9. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды:ұсынады.
10. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
11. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды тапсырса;
2) ЖЭК пайдалану объектісі және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілен ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
12. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алу шартының үлгі нысанына сәйкес сатып алу шартын жасасады. Сатып алу шартында, «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген, шартқа қол қойылған сәтте қолданылатын тіркелген тариф көрсетіледі. Шартқа қол қойылған сәтте көрсетілген тіркелген тариф электр энергиясын ЖЭК пайдалану объектісінен жеткізу басталған сәттен бастап қолданылады және жылдар бойынша кейіннен индекстей отырып, 15 (он бес) жыл бойы қолданылады.
13. Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті, Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шарты жобасының екі данасын өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге жібереді немесе өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жердегі уәкілетті өкіліне қолма-қол береді.
14. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығынан сатып алу шарты жобасының екі данасын алғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды және қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.
15. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші қол қойған сатып алу шартының екі данасын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларға қол қояды және сатып алу шартының қол қойылған бір данасын өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша өтініш берушіге жібереді немесе өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығы орналасқан жердегі уәкілетті өкіліне береді.
16. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісін салу құрастыру жұмыстары басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген хабарламаның көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде;
2) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын жаңа ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде;
3) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісінің көшірмесі – тараптардың теңгерімдік тиесілілігі мен пайдаланудағы жауапкершілігінің аражігін ажырату актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін;
4) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісі үшін энергия беруші ұйым мен өтініш беруші арасында қол қойылған электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісінің көшірмесі – электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын қабылдап алу актісіне қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және ЖЭК пайдалану объектісін кешенді сынау басталғанға дейін;
5) оған қатысты сатып алу шарты жасалатын ЖЭК пайдалану объектісінің техникалық паспортының көшірмесі – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 42 (қырық екі) ай ішінде.
17. Осы Қағидалардың 16-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген мерзімдердің қандай да бірі күнтізбелік 6 (алты) айдан артық мерзімі бұзылған жағдайда, сатып алу шарты өзінің қолданысын тоқтатады.
18. Өтініш берушінің ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күн болып табылады, бұл жағдайда электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желілеріне беріледі.
Кешенді сынақтар жүргізу кезеңінде жаңадан енгізілген ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясына коммерциялық есепке алу аспаптарының өтініш беруші мен энергия беруші ұйым ұсынған нақты көрсеткіштері бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы ақы төлейді.
19. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына және желісіне ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымды тиісті сынақтарды жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау жүргізілетін күн туралы хабардар етеді және ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейінгі кезеңде электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың айларға бөлінген болжамды көлемін ұсынады.
20. Сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл өткен соң сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф өз қолданысын тоқтатады.
21. Сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл бойы жаңадан енгізілген ЖЭК пайдалану объектісі өндірген және электр желісіне босатқан электр энергиясының бүкіл көлемі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге ақы төлейді.
22. Егер пайдалануға берілген ЖЭК пайдалану объектісінің іс жүзіндегі параметрлері сатып алу шартында көрсетілген параметрлерден өзгеше болса, қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш беруші ЖЭК пайдалану объектісінің сипаттамасын іс жүзіндегі мән-жайлармен сәйкес келтіру үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау туралы актісінің көшірмесі қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сатып алу шартына тиісті қосымша келісім жасайды.
23. ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай ақпаратты:
1) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың болжамды көлемі, электр энергиясын жеткізудің алдағы жеткізу айына арналған бір айлық тәуліктік сағаттық кестелері - ай сайын, жеткізу айына дейін күнтізбелік он күн қалғанда;
2) электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың алдағы бір жылға арналған, айларға бөлінген болжамды көлемі - жыл сайын, жиырмасыншы желтоқсанға қарай;
3) электр энергиясын жеткізудің алдағы тәулікке арналған тәуліктік болжамды кестелері - күн сайын, Астана уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін;
4) электр энергиясын желіге босатудың іс жүзіндегі бір айлық тәулік сайынғы сағаттық көлемі – жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей үнемі жіберіп тұрады.
24. ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларын кешенді сынау аяқталғаннан кейін сатып алу шартын жасаған өтініш беруші өңірлік электр желілік компаниясына және (немесе) жүйелік операторға электр энергиясын жеткізудің тәуліктік (алдағы тәулікке арнап Астана уақыты бойынша 11 сағат 00 минутқа дейін) және айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын) кестесін үнемі жіберіп тұрады.
25. Желілеріне ЖЭК пайдалану объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар ай сайын, жеткізу айынан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығына өздерінің желілеріне ЖЭК пайдалану объектілері жеткізген электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің негізінде айқындалған көлемі туралы мәліметтерді жібереді.
26. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартын жасаған өтініш берушіге энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген электр энергиясы үшін өтініш берушінің тиісті шотының негізінде жеткізу айы аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң 15 (он) бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.
27. Қаржы-есеп айырысу орталығы ЖЭК пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе олар ақаулы болған кезеңде осы объектілер өндірген электр энергиясы үшін ақы төлемейді.
28. Сатып алу шартын жасаған өтініш беруші электр энергиясын өндірудің, желіге босатудың іс жүзіндегі және болжамды көлемі мен электр энергиясын жеткізу кестелерінің арасындағы алшақтық үшін жауапты болмайды.
29. Егер электр энергиясын жеткізудің тәуліктік кестесінде мәлімделген мөлшер желіге босату жөніндегі іс жүзіндегі деректерге 10 %-дан астам сәйкес келмеген жағдайда, жүйелік оператор өтініш беруші желіге босатқан, коммерциялық есепке алу аспаптарында тіркелген іс жүзіндегі деректерге сәйкес осы өтініш берушінің тәуліктік кестесін қалыптастырады.
30. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен энергия беруші ұйымның уәкілетті жұмыскерлері тиісті өтініш берушіде қолданылатын қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды сақтаған және ЖЭК объектісіне бару уақыты мен күні өтініш берушімен келісілген жағдайда, сатып алу шартын жасаған өтініш беруші олардың ЖЭК пайдалану объектісі қосылған электр желілеріне, ЖЭК пайдалану объектісіне, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
31. Қаржы-есеп айырысу орталығы мен өтініш берушілер өзара есеп айырысуды жылына кемінде бір рет салыстырып тексеруді жүргізеді.
32. Сатып алу шартын жасасқан өтініш берушіге:
1) сатып алу шартында көзделген өндіруші жабдықтың белгіленген жиынтық қуатын ұлғайту жолымен оған қатысты сатып алу шарты жасалған ЖЭК пайдалану объектісін өзгертуге;
2) қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК пайдаланудан өндірілмеген электр энергиясын сатуға;
3) қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын басқа сатып алу шарты бойынша сатуды қоспағанда, оған ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілмеген электр энергиясын сатуға жол берілмейді.
33. Қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алу шартын орындаудан бас тартпайды немесе сатып алу шартын біржақты тәртіппен бұзбайды.
3. Қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу тәртібі
34. Қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектісі бар және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сатып алу схемасын таңдаған өтініш беруші оған өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды:ұсынады.
35. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды. Өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
36. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;
2) өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдаса және 2013 жылғы 21 шілдеден кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етсе;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
37. Қаржы-есеп айырысу орталығы және өтініш беруші Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алуға арналған шарттың үлгілі нысанына сәйкес осы Қағидалардың 13 - 15-тармақтарында көзделген тәртіппен шартқа қол қояды. Сатып алу шартында «Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтерді және техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес оның қолданылу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 419 қаулысымен бекітілген тариф теникалық-экономикалық негіздемеде көрсетіледі.
38. Қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес ЖЭК пайдалану объектісіне техникалық-экономикалық негіздемеде белгіленген өзін-өзі ақтаудың қалған мерзімі ішінде өндірілген және желіге жіберілген электр энергиясының барлық көлемі үшін өтініш берушіден сатып алады және төлейді.
39. Сатып алу шарты және техникалық-экономикалық негіздемедегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген өзін өзі ақтаудың қалған мерзімі аяқталған соң өз әрекет етуін тоқтатады.
40. Қолданыстағы ЖЭК пайдалану объектілері бар және электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш берушілерге осы Қағидалардың 23- 33-тармақтарының ережелері қолданылады.
4. ТЭН бар ЖЭК пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырып сатып алуы тәртібі
41. Техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері бар немесе техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісін салуды жоспарлайтын, электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сату схемасын таңдаған өтініш беруші сатып алу шартын жасасуға қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сатудың схемасын таңдағаны туралы уәкілетті орган хабардар етілген күннен бұрын емес және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінім береді.
42. Қаржы-есеп айырысу орталығымен шарт жасасу үшін өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды:ұсынады.
43. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған күннен кезден бастап оларды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Өтініш беруші өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
44. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;
2) ЖЭК пайдалану объектісі және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында де көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса;
4) өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдағаны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тіркелген тарифтерді бекіту туралы актісі қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға хабарласа, қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушімен электр энергиясын сатып алу шартын жасасады.
45. Қаржы-есеп айырысу орталығы және өтініш беруші Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сатып алуға арналған шарттың үлгі нысанына сәйкес осы Қағидалардың 13 - 15-тармақтарында көзделген тәртіппен шартқа қол қояды. Өтініш беруші таңдап алған электр энергиясын сату схемасына байланысты сатып алу шартында техникалық-экономикалық негіздемедегі немесе «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген, шартқа қол қойылған кезде қолданылатын тариф көрсетіледі. Қол қойылған кезде шартта көрсетілген тіркелген тариф электр энергиясы объектіден жеткізілген кезден бастап ЖЭК пайдалану объектісіне дейін қолданылады және жылдар бойынша кейін индекстеу жүргізіліп, 15 (он бес) жыл ішінде қолданылады.
46. Техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілері бар немесе қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын сату схемасын таңдап алған техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектілерін салуды жоспарлайтын өтініш берушілерге осы Қағидалардың 16 - 17 және 23 - 33-тармақтарының ережелері қолданылады.
47. Егер өтінім беру кезінде өтініш берушінің ТЭН бар ЖЭК пайдалану объектісі пайдалануға енгізілген болса, өтініш беруші өтініммен бірге қаржы-есеп айырысу орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген, сондай-ақ сатып алу шартын жасауға өтініммен бір уақытта айлар бойынша бөлініп, ағымдағы күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі кезеңде электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің болжанатын көлемі;
2) осы Қағидалардың 16-тармағының 5) тармақшасында көзделген – сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде.
48. Қаржы-есеп айырысу орталығының техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алудың басталатын күні егер кешенді сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін жүргізілмесе, энергия беруші ұйымның электр желісіне электр энергиясын шығаратын өтініш берушінің ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларының кешенді сынағы басталатын күн немесе егер кешенді сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін өткізіліген болса, сатып алу шартында көрсетілген күн болып табылады.
Кешенді сынақтарды өткізу кезеңінде техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК объектісі шығарған электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш беруші және энергия беруші ұйым ұсынған коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша төлейді.
49. Өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына және желісіне техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі қосылған энергия беруші ұйымға егер тиісті сынақ сатып алу шарты жасалғанға дейін өткізілмесе, оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ЖЭК пайдалану объектісінің электр қондырғыларына кешенді сынақ өткізу күні туралы хабарлайды.
50. Егер өтініш беруші электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына тіркелген тариф бойынша сату схемасын таңдаса, онда сатып алу шарты мен тиісті тіркелген тариф сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталатын күннен бастап күнтізбелік он бес жыл өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған және энергия беруші ұйымның электр желісіне өткізген электр энергиясының бүкіл көлімі үшін қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемесі бар ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл ішінде төлейді.
Егер өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын техникалық-экономикалық негіздемедегі тариф бойынша сату схемасын таңдаса, онда қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алу шартына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген қалған тәуліктік мерзім ішінде шығарылған және желіге жіберілген бүкіл электр энергиясын сатып алады және өтініш берушіге төлейді.
51. Сатып алу шарты және техникалық-экономикалық негіздемедегі тиісті тариф техникалық-экономикалық негіздемеде ЖЭК пайдалану объектісі үшін белгіленген қалған тәуліктік мерзім өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
5. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілерінде өндірілген электр энергиясын
қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу тәртібі
52. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі бар өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына сатып алу шартын жасасуға өтінімді ЖЭК пайдалану объектісін қайта жаңарту аяқталғаннан кейін оны және тиісті ЖЭК пайдалану объектісін уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ЖЭК объектілерін пайдаланатын энергия өндіретін ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі - тізбе) енгізген күнтізбелік 60 күн ішінде және электр энергиясын жеткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өтінімге қоса Заңның 7-1-бабы 7-тармағына сәйкес құжаттарды:ұсынады.
53. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды. Өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
54. Мынадай шарттар орындалатын болса:
1) өтініш беруші Заңның 7-1-бабы 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;
2) ЖЭК пайдалану объектісі және өтініш беруші тізбеге қосылған болса;
3) қаржы-есеп айырысу орталығында өтінімде көрсетілген қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісінде өндірілген электр энергиясына қатысты сатып алу шарты болмаса;
4) қайта жаңартылатын объектіде енгізілетін жаңа жабдықтың құны аудиторлық ұйым растаған осы объектіні үшін қайта жаңарту жұмыстар басталған кездегі қайта жаңарту объектісінің теңгерімдік құнының кемінде елу пайызын құрайтын болса, қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын сатып алу шартын өтініш берушімен жасасады.
55. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектілері бар өтініш берушілерге осы Қағидалардың 12-15 және 23 – 33-тармақтарының ережелері қолданылады.
56. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін 6 (алты) ай ішінде өтініш беруші қаржы-есеп айырысу орталығына қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісіне техникалық паспорттың көшірмесін жібереді.
57. Қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алудың күні сатып алу шартында көрсетілген күн болып табылады.
58. Сатып алу шартына сәйкес сатып алу шарты мен тіркелген тариф қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі шығарған электр энергиясын сатып алу басталатын күннен бастап күнтізбелік он бес жыл өткеннен кейін өзінің қолданылуын тоқтатады.
59. Қаржы-есеп айырысу орталығы өтініш берушіге сатып алу шартына сәйкес электр энергиясын сатып алу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) жыл ішінде қайта жаңартылған ЖЭК пайдалану объектісі өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне жіберген электр энергиясының бүкіл көлемі үшін төлейді.
6. ЖЭК объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының шартты тұтынушыларға орталықтандырылған сату тәртібі
60. Шартты тұтынушылар:
1) ай сайын жеткізу айына дейін күнтізбелік 10 (он) күн қалғанда қаржы-есеп айырысу орталығына электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жеткізудің немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден қабылданатын болжамды айлық көлемдері туралы ақпаратты жібереді;
2) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға дейін қаржы-есеп айырысу орталығына алдағы жылы электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға жеткізудің болжамды көлемдері туралы ақпаратты жібереді.
61. 23-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алынған деректердің негізінде қаржы-есеп айырысу орталығы ай сайын жеткізу айына дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде шартты тұтынушылардың әрқайсысына ЖЭК пайдалану объектілерінен электр энергиясын жеткізудің болжамды айлық тәуліктік сағат сайынғы кестесін жібереді.
62. ЖЭК пайдалануға қолдауға жұмсалатын шығындарды қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын шартты тұтынушылар арасында олардың электр энергиясын тұтынуының аймағын ескеріп, олардың желіге жіберу үлесіне барабар бөледі.
63. Қаржы-есеп айырысу орталығы шартты тұтынушылармен Заңның 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітілетін сату шартының үлгі нысанына сәйкес сату шартын жасасады.
64. Шартты тұтынушымен сату шартына қаржы-есеп айырысу орталығының бірінші басшысы немесе сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге адам екі данада қол қояды және ол шартты тұтынушыға қол қою үшін күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
65. Шартты тұтынушының бірінші басшысы немесе шартты тұтынушының атынан сатып алу шартына қол қоюға уәкілетті өзге адам қаржы-есеп айырысу орталығы дайындаған сату шартына екі данада оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды.
66. Шартты тұтынушы қол қойылған сату шартының бір данасын оны алған кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына жібереді.
67. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында қызметін бастауды жоспарлайтын шартты тұтынушы желіге өзінің электр энергиясын жеткізуді бастағанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығымен сату шартын жасасады.
68. Қаржы-есеп айырысу орталығы қол қойған сату шартына шартты тұтынуға қол қоймаған және (немесе) шартты тұтынушы тарапынан қол қойылған сату шартын қаржы-есеп айырысу орталығы жіберген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығы алмаса, сату шарты жасалған болып есептеледі және Заңға сәйкес орындалуға жатады.
69. Жүйелік оператор жеткізу айынан кейінгі айдың жиырмасына дейін қаржы-есеп айырысу орталығына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты балансын ұсынады, қаржы-есеп айырысу орталығы оған сәйкес төлемге шотты қалыптастырып, шартты тұтынушыларға жібереді.
70. Шартты тұтынушы жеткізілген электр энергиясы үшін қаржы-есеп айырысу орталығына жеткізу айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін қолдауға тарифтер бойынша ақы төлейді.
71. Егер есеп айырысу кезеңінің қорытындылары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығының ЖЭК-ті пайдаланушы энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатудан алған ақша сомасы ағымдағы айда ЖЭК пайдалануды қолдауға шығындарды өтеу үшін қажетті шамадан аз б